Асхат Үрпеков - Сен сұлу

Асхат Үрпеков - Сен сұлу
Асхат Үрпеков
Сен сұлу
Асхат Үрпеков - Сен сұлу

1765 қаралды
866 жүктелді
Әннің сөзі (текст)


Əні: Ернар Нуртазин. 
Сөзі: Мағжан Жұмабаев

"Сен cұлу"

1.Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, 
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу. 
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, 
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу. 

Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу, 
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу. 
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан 
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу. 

Қайырмасы:

Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу, 
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу. 
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде, 
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу!

2.Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу, 
Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу. 
Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр, 
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу. 

[MuZzuM.kz] 2017



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close