Бекзат Сәкенұлы - Рамазан

Бекзат Сәкенұлы - Рамазан
Бекзат Сәкенұлы
Рамазан
Бекзат Сәкенұлы - Рамазан

1590 қаралды
241 жүктелді
Әннің сөзі (текст)

Рамазан

Сөзі: Қуаныш Қолқаев   Әні: Жарылқасын Дәулетов

Ораза – бұл парызың,

Берік болсын ауызың.

Имам айтса маңызын

Илан бауырым!

Сынақ – өмір дәлізін

Аңдап бассын әр ізің,

Кешіре сал қарызын

Қиналғанның.

Қайырмасы:

Есік қағып тұр тағы

Он екі айдың сұлтаны.

Туғандай боп анадан

Тазаратын сан адам

Келді РАМАЗАН.

 

Қасиеті мол айда

Ашуланба қалайда.

Ғайбат, өсек, абайла

Әңгімеден.

Жәннат арман талайға

Оған жету оңай ма?!

Шөлдегенде соны ойла

Алдыменен.

Қайырмасы:

 

Ашықсаң да сабыр қыл,

Сауап табар шағың бұл!

Маңайыңды малындыр

Шуағыңа.

Соған төзсе жаның бір

Шексіз сыйдың барын біл.

Құрық-кісен салып жүр

Құмарыңа!

Қайырмасы:

 

Ізгілерден үлгі ал да,

Шыдамды бол, мұңданба.

Қуырып бір тұрғанда

Күн аптабы.

Есеп күні туғанда

Сақтар сондай құлды Алла!

Қызығыңнан құр қалма

ЖҰМАҚТАҒЫ.



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close