Бекзат Сәкенұлы - Жарапазан

Бекзат Сәкенұлы - Жарапазан
Бекзат Сәкенұлы
Жарапазан
Бекзат Сәкенұлы - Жарапазан

1824 қаралды
518 жүктелді
Әннің сөзі (текст)

Бекзат Сәкенұлы @bekzat_sakenuly

Жарапазан

1.«Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,
Мойынын хақ жолына ұсынғандар.
Құт орнап отбасыңа, бағың артсын,
Бір Алла қабыл етсе, ісіңді оңдар.


Атыңнан айналайын хақ пайғамбар,
Алладан әмір келсе – жақ байланар.
Бес күндік тіршілікте құлшылық қыл,
Қара жер өлгеннен соң тақтайланар.

 

Рамазан айы келді, ей, жарандар,
Бұл айдың фазілеті Кәламда бар.
Өлеңі жарапазан айып емес,
Мүмінге осылайша болған хабар.

 

Қайырмасы:

Е-е-е-е-е-е-е-е-е-е-е-ей

Балалардың мінгені,

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Байдың көңілі жай болсын.

Ай жағынан қарасаң,

Алтын терек орнасын.

Күн жағынан қарасаң,

Күміс терек орнасын.

Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.

Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.

Мұхамед үмбеті айтқан жарамазан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.

 

2.Құдайым, баршамызға, несібе бер,
Күлген мен ойнағанды кешіре гөр.
Күнәміз таудан биік, тастан қатты,
Су сеуіп дозақ отын өшіре гөр!

 

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазың мен ізгі жұмыс.
Ұстасаң оразаны, жұмағыңда,
Жемістер шашылады уыс-уыс.

 

Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Бақ қонсын бар мұсылман қауымына.
Береке, құт әкелсе, ораза айы,
Жаз жайлау, қарық болсын сауыныңа!»

 

Қайырмасы:

Ей-ей-ей-ей-ей-ей-ей.

Балалардың мінгені,

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Байдың көңілі жай болсын.

Ай жағынан қарасаң,

Алтын терек орнасын.

Күн жағынан қарасаң,

Күміс терек орнасын.

Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.

Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.

Мұхамед үмбеті айтқан жарамазан.

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан,

Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close