Ассай тобы - Қалаға келген ұяң қыз

Ассай тобы - Қалаға келген ұяң қыз
Ассай тобы
Қалаға келген ұяң қыз
Ассай тобы - Қалаға келген ұяң қыз

1585 қаралды
1482 жүктелді
Әннің сөзі (текст)

Әні: Төлжанбек Жақсыбаев
Сөзі: Еркебұлан Кенехан

"Қалаға келген ұяң қыз"

1) Ұялап асып қалаға келдің ұядан ұшқан сезімің

Шұғыла жүзден шағала көрдім шалқарын аңсар өзіңнің

Жазалар мекен қиялдың желі жалғыздығыңның жарасын

Жаныңа барсам ұяң қыз мені жатырқап неге қаласың?

Қ/сы

Өзіңді көріп қалаға келген өзегіме мұң сыймады

Бұрымың қандай жан анаң өрген 

Қылығың қандай ибалы

Табалмай теңеу саған əлемнен даланың гүлін жиармыз

Жүрегін бөліп далаға берген қалаға келген ұяң қыз

2. Қарашығыңды жарасымыңды бар асылыңды қорғағын

Аруға қанша боласың үлгі арулап алған арманым

Сыйлайды уақыт қиял гүліңді зулайды бақыт аққан жыл

Тамшыдай мөлдір ұяңдығыңды тағдырда мынау сақтап жүр



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close