Дана Атахан - Жүрсем менсінбей

Дана Атахан - Жүрсем менсінбей
Дана Атахан
Жүрсем менсінбей
Дана Атахан - Жүрсем менсінбей

1305 қаралды
517 жүктелді
Әннің сөзі (текст)

Әні: Есен Жүсіпов
Сөзі: Құрманай Бақтиярқызы

"Жүрсем менсінбей"

1,Тілдесіп кездеспес едім
Бетпе бет жүздеспес едім
Жүрекпен үндеспес едім
Жүрсем менсінбей
Назарыма алмас едім
Көз қиығын салмас едім
Қасыңда да қалмас едім
Жүрсем менсінбей

Жымиып та күлмес едім
Бас ауыртып та жүрмес едім
Шақырсаңда келмес едім
Жүрсем менсінбей
Сүйгенім бар деп айтып
Өтірік атымды айтып
Ойымды батыл айтып
Кетер ем күрсінбей
Өзіңді жүрсем менсінбей

Қайырмасы:

Ұнатып қалдым менде
Сездірмей сезімде
Ойланып қалдым кейде
Танымай өзімде
Менсінбей жүрсің деме
Мінезім бар сондай
Сүйген соң сенде мені
Сүймеймін ау қалай

ла ла лей ла ла ла

2,Іздеп сені сағынбас ем
Махаббатқа бағынбас ем
Тағдырыма шағынбас ем
Жүрсем менсінбей
Алаңдаймын мен несіне
Сенбес едім келместіңе
Түсесіңбе сен есіме
Жүрсем менсінбей

Жымиып та күлмес едім
Бас ауыртып та жүрмес едім
Шақырсаңда келмес едім
Жүрсем менсінбей
Сүйгенім бар деп айтып
Өтірік атымды айтып
Ойымды батыл айтып
Кетер ем күрсінбей
Өзіңді жүрсем менсінбей

[MuZzuM.kz] 2017



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close