Айдын Алдархан & Индира Расылхан - Аққуыңды аяла

Айдын Алдархан & Индира Расылхан - Аққуыңды аяла
Айдын Алдархан & Индира Расылхан
Аққуыңды аяла
Айдын Алдархан & Индира Расылхан - Аққуыңды аяла

1211 қаралды
1145 жүктелді
Әннің сөзі (текст)

1)Өмір бізге бір-ақ келер, көп келмес,

Ләззат лебі азаппенен өткелдес.

Шын махаббат біле білсең, шырайлым,

Үйленумен, үй болумен шектелмес.

Қ/сы

Сүмбіл сезім-көңілінің күйі асыл,

Сүймегенге қалай оны қиясың?!

Махаббат, ол-көгершінің емес пе,

Жүрегіне салатұғын ұясын?!

2)Ардағым-ау айтқан сөзім ұнамай,

Көңіліңе алып жүрме күмән ой.

Махаббат, ол-көгершінің емес пе,

Көгершінді торға қамау күнә ғой?!

Қ/сы

3) Тағдыр бізге кей кездері тым қатал,

Күн орнына көкірегінде мұң жатар.

Махаббат, ол-ару аққу емес пе,

Ал аққуға оқ атуға кім батар?!

Қ/сы



Басқа әндері


Тыңдауға кеңес береміз







close